«Бес баланың көз жасы жібермейді»: Қабатовтың екінші әйелі өзін сынағандарды орнына қойды (ВИДЕО)

/
«Бес баланың көз жасы жібермейді»: Қабатовтың екінші әйелі өзін сынағандарды орнына қойды (ВИДЕО)
Коллаж: turkystan.kz

Елге танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйеліне қатысты әлеуметтік желідегі сын-пікірлер толастар емес. Желі қолданушылары тарапынан айтылған ауыр айыптауларға жауап ретінде Қабатовтың екінші жары да үн қатып, өзін сынағандардың суретін жариялап, сотқа жүгінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдымен желі қолданушыларының бірі Айманға қатысты қатаң сын жазба қалдырған.

«Әдемі деп неге жарылып жатсыңдар, оның әдемілігі не керек, бес баланың бақытын быт-шытын шығарған адам қалай бақытты болады, қалай жер басып жүр бұл бетпақ, бес баланың көз жасы жібермейді, не бойдақ жігіттер құрып қалып па, құлап сүйіп тұр дейсің бе, ақшаға бола тиген ғой, оңбаған қатын, жыным келеді, ішім ауырып, жүрегім сыздайды, оңбаған, қандай сөз айтсаң да бұған орынды айтатын сөз жетеді, санасызға сөзімізді қор қылып қайтеміз, ар жағында Тұрсынбек те оңбаған боп тұр ғой, басқа айтар сөзім жоқ», – деп жазды желі қолданушысы.

Бұл пікірге жауап ретінде Қабатовтың екінші жары Айман да әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған.

«Ауыздарына ақ ет кіріп, көк ит шығатын, ақ жаулықты апа деп айтуға келмейтін, Құдай болып кеткен құдағи сымақтардың әдемі фотосын салып отырамын. Таныс болыңыздар. Адвокатыма жалақы болдыңыздар», – деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары