Танымал әнші Ұлықпан Жолдасов Qazaqstan телеарнасындағы «Бәрекелді!» бағдарламасына қонақ болып, өнер жолындағы ұстанымы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бағдарлама барысында ол өзін толыққанды әнші санамайтынын айтып, бұл атаққа тек ерекше диапазоны мен кәсіби деңгейі жоғары вокалистер ғана лайық екенін жеткізді. Оның айтуынша, әлемдік деңгейде танылған Димаш Құдайберген секілді өнерпаздарды ғана нағыз әнші деуге болады.
«Мен өзімді әнші емес, орындаушы деп санаймын. Даусым – қарапайым, қоңыр үн. Басқа адамдардан айырмашылығым – әнді дұрыс таңдай аламын. Гитараның сүйемелдеуімен орындаған әндерім халыққа жақын болды. Бірақ шетелге таныстыратындай, әлемдік сахнаға шығатындай мықты әнші емеспін», – деді Ұлықпан Жолдасов.