Ақмола облысында мектептен қару ұрлап кеткен азаматқа үкім шықты

/
Ақмола облысында мектептен қару ұрлап кеткен азаматқа үкім шықты
istockphoto.com

Ақмола облысының соты Макинск қаласындағы мектептен оқу қаруын ұрлаған ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оған пробациялық бақылаумен үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, міндетті түрде мәжбүрлі жұмыстарды орындау жүктелді.

Соттың анықтауынша, ер адам оқу орнында жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат алған және осы мүмкіндікті пайдаланып, ұрлық жасаған. Ол мүлікті ғимараттың терезесі арқылы алып шыққан.

Ұрланған заттардың қатарында оқу мақсатындағы Калашников автоматы мен бірнеше пневматикалық спорттық винтовка болған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 300 мың теңгеден асқан.

Жоғалған мүлік анықталғаннан кейін мектеп әкімшілігі полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтады.

Ер адам өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толық өтеген.

«Ұрланған қаруды ол ғимараттың терезесі арқылы алып шыққан. Ұрлық анықталғаннан кейін оқу орнының әкімшілігі полицияға хабарласқан. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды», – деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары