Ақмола облысының 4,5 мың тұрғыны ауызсусыз қалды

Тасқын су салдарынан Ақмола облысының бірнеше елді мекенінің тұрғындары ауыз сусыз қалды. Атап айтқанда, Сандықтау ауданының орталығы Балкашин ауылы орталықтандырылған ауыз судан ажыратылды деп хабарлады 24.kz.  

Ауданның әкімі Асылбек Есмағамбетов айтуынша, ауызсудың тоқтауына су станциясындағы насостар мен су алатын скважиналардың ағын судың астында қалуы себеп болған. Өйткені, кеше аудан орталығының жанынан өтетін Жабай өзені арнасынан асып, 300-ге жуық үйді су басқан болатын. Балкашин ауылында жалпы 4 жарым мың халық тұрады. Қазір жергілікті билік өкілдері тұрғындарға ауызсуды Көкшетау қаласынан тасып әкеліп беріп жатыр.

Айта кетейік, соңғы екі күннен бері Ақмола облысындағы жағдай күрделеніп кетті. Дәл осы Сандықтау ауданында 53 жастағы әйелдің қайыс болғаны да айтылуда. Аймақта халықты эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Back to top button