Әлеуметтік желіде Алматы әуежайында әнші Индира Елемес пен “Кисло-Сладкий” лақап атымен танылған рэпер Дархан Жұмабек құшақтасып тұрған видео қызу талқыға түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Желі қолданушылары видеоны түрліше қабылдап, пікір қалдырды.
Оқырмандар арасында «Күйеуі жоқ қып жібермесін ананы», «Қорқып, жылап жүрген еді ғой», «Әйеліне обал», «Осының талғамы жоқ па», «Әншілердің көбі, бәрі емес, байлары ауысып немесе жолда болады» деген сарындағы жазбалар кездеседі.
Айта кетейік, рэпер Дархан Жұмабек (Кисло-Сладкий) көпшілікке «Пиридай привет» трегі арқылы кеңінен танымал болды.