Маңғыстауда албырт тұқымдас балық алғаш рет тор қоршамада өсіріліп жатыр

/
Маңғыстауда албырт тұқымдас балық алғаш рет тор қоршамада өсіріліп жатыр

Маңғыстау облысында Орталық Азияда алғаш рет албырт тұқымдас балығын тор қоршамада өсіру жобасы қолға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, биыл өңірде ауыл шаруашылығы саласында 38 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде мал шаруашылығы өнімінің көлемі 22,4%-ға артты. Өңірде түйе сүті өнімдерін экспортқа шығару мақсатында 3 ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Биыл түйе сүтін автоматтандырылған әдіспен сауатын цех ашылды. Сонымен қатар, 1,3 млрд теңгеге 43 ветеринариялық пункт салынып, ветеринариялық ұйымдар қызметтік автокөлік және жабдықтармен толық қамтамасыз етілді.

«Балық шаруашылығында 2025-2027 жылдарға 4 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде, Орталық Азияда алғаш рет 5000 тоннаға дейін албырт тұқымдас балықты тор қоршамада өсіру жобасы бар. Қазіргі кезде елімізге жылына 8000 тонна балық импортталады. Келесі жылы Каспий албыртының өндірісін 1300 тоннаға, ал 2029 жылы 5000 тоннаға жеткізу жоспарланған. Нәтижесінде, республика бойынша импорттың шамамен 60%-ын қамтамасыз ету көзделген», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары