Жоғары аудиторлық палатада «Электрондық қаржы орталығы» АҚ қызметіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жалпы аудит қорытындысы бойынша 566 млн теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды.
Қаражатты тиімсіз жоспарлау және пайдалану 13,5 млрд теңгені құрады.
Жоғары аудиторлық палата анықталған мәселелер бойынша қажетті ұсынымдар мен тапсырмалар берді. Олардың орындалуы бақылауда болады.