«Маған «Халық әртісі» атағын бергенді күйеуім қуанған жоқ»: Мақпал Жүнісова жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

/
«Маған «Халық әртісі» атағын бергенді күйеуім қуанған жоқ»: Мақпал Жүнісова жан сырын ақтарды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында өзі туралы пікір білдірген Қалдыбек Құрманәлінің сөзі туралы жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қалдыбек Құрманәлі айтуынша, әнші Заманбек Нұрқаділовке тұрмысқа шықпаса да, бәрібір Халық әртісі атанып, мемлекеттік сыйлыққа ие болар еді. «Мақпал – Алладан әнші болып туған, дауысы мен болмысы бөлек өнер иесі», – деді ол.

Мақпал Жүнісова продюсердің бұл пікіріне: 

"Қалдыбек жақсы нүкте қойыпсыз! Аузы қышығандар бар, әлі де маған дайрекке жазатын, бірақ ондайларға жауап беруге де құлқым жоқ. Бір айтарым ғана бар – маған Халық әртісі берілгенде байым қуанған жоқ… Бірақ кейіннен менің әншілігімді мойындадым деп үлкен баға бергеніне мен қатты қуандым", – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары