«Екі балам да мені «әке» демеді»: Асанәлі Әшімов өкінішін айтты (ВИДЕО)

/
«Екі балам да мені «әке» демеді»: Асанәлі Әшімов өкінішін айтты (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

«1001 түн» бағдарламасына қонақ болған кино және театр актері Асанәлі Әшімов өмірден ерте өткен ұлдарын еске алып, көзіне жас алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің айтуынша, анасы мен балалары оның түсіне жиі кіретін көрінеді. Актер сол сәттердің бірін ерекше тебіреніспен баяндап берді.

«Анам мен ұлдарым түсіме жиі кіретін. Бірде ауруханада ем қабылдауға барарда ұйықтап қалыппын. Сол сәтте Сағи ұлым түсіме кірді. Оның “аға” деген дауысын естідім. Оятқаны ғой. Балаларымды інімдей көрдім. Бір өкінішім – бетінен бір сүймеппін», – деді Асанәлі Әшімов көзіне жас алып.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары