«Қалаулым» жобасы арқылы танылған блогер Камила Әділхан денсаулығына байланысты қиын жағдайға тап болғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Блогер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Оның айтуынша, соңғы үш күннен бері жүріп-тұруы қиындап кеткен.
«Үш күн болды жүре алмай жатырмын. Отбасымыз үшін бұл – аяқасты болған үлкен сынақ. Мұндай жағдай осыдан төрт жыл бұрын Қазақстанда, Ыстық Ұяда тұрған кезде де болған еді. Ол кезде Қытай атаға барып емделгенмін. Қазір де белім қатты ауырып тұр. Қозғалсам, ауырсыну басыма бірден ұрады. Отыра алмаймын, ұзақ жата да алмаймын, ал ұзақ жүру туралы мүлде айтпай-ақ қояйын. Грыжа жоқ деп шықты», – деп жазды ол.
Сондай-ақ Камила Әділхан әзірге дәрігерлер тек тынығу, пластырь қолдану және қайтадан Қытай атаға баруды ұсынғанын айтты. Блогер жағдайы жақсарса, қандай ем көмектескенін оқырмандарына міндетті түрде бөлісетінін жеткізді.
Жазба соңында ол желі қолданушыларынан дұға жасап, өз тәжірибелерімен бөлісуді сұрады.
«Қайта жүріп, желіге қашан шығатыным бір Аллаға ғана мәлім», – деп түйіндеді блогер.