Алеппода қаза тапқандар саны көбеюде

Алеппода қаза тапқандар саны көбеюде

Алеппода қаза тапқандар саны көбеюде
ашық дереккөзі
Сирияның Алеппо қаласының маңында босқындарға жасалған шабуылдан қаза тапқандардың саны өсіп 110 адамға жетті деп хабарлады 24.kz. Бұған дейін лаңкестік әрекеттен 70 тұрғынның көз жұмған болатын. Ал теракт кеше Алеппо қаласына жақын жатқан Рашидин мекенінде болған. Идлиб провинциясындағы екі қаладан шыққан босқындар тиеген автобустар аялдамаға тоқтайды. Осы кезде бір жанкешті жарылғыш толы көлікті олардың қасына әкеліп жарып жіберген. Жарылысты әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Айта кетейік, тұрғындарды көшіру жергілікті билік пен оппозиция арасындағы уағдаластыққа байланысты жүзеге асырыла бастаған. Соған сәйкес екі тараптың қоршауда ұстап отырған Кефрая, Фуа, Мадайя және Забадани қаласының тұрғындары әскерилер бақылауындағы аймаққа немесе қауіпсіз жерге көшірілуі керек болатын.