Әнші Мақпал Исабекова екінші жүктілігі кезінде түсірілген видеоны көпшілікке көрсетті. Өнер иесі сол кезеңде басынан өткерген ауыр сәттерін еске алып, оны «тек Құдай ғана білді» деп мойындады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әнші Instagram желісіндегі «Саған қай жерде ауыр болғанын көрсет, бірақ оны ешкім білмейді» атты трендке үн қосып, жеке парақшасында бейнежазба жариялаған. Кадрлардан үлкен ішпен камераға тік қарап, шашын өріп отырған Мақпал Исабекованы көруге болады.
Өнер иесі бұл кезеңнің өзі үшін аса ауыр болғанын жасырмай, ішкі күйін ашық жеткізді.
«Ол кезде менің қандай күй кешкенімді, ішімде не болғанын тек Алла ғана және мен білемін, бәлкім жүрегімнің астында жатқан қызым да сезген шығар… Аллаға шүкір, ол күндер де артта қалды», – деп жазды әнші.