Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының сырт алаңдағы матчында Мәскеудің «Динамо» командасымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алғашқы кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде командалар бір-бір шайбадан алмасты, қонақтар сапынан Ансар Шайхмедденов көзге түсті. Шешуші жиырма минуттың басында Семен Симонов, Иэн Маккошен және Дінмұхамед Қайыржанның шайбалары қонақтарды алға шығарды. Нәтижесінде қазақстандық клуб 4:2 есебімен жеңіске жетіп, Шығыс конференциясында сегізінші орынға көтерілді.
Ресейлік клуб бұл ойынға дейін қатарынан жеті рет жеңіске жеткен.
21 желтоқсанда «Барыс» өз алаңында «Сочи» командасын қабылдайды.