Павлодар облысында алкоголь өнімдерін құжатсыз жеткізген кәсіпорын анықталды

/
Павлодар облысында алкоголь өнімдерін құжатсыз жеткізген кәсіпорын анықталды
istockphoto.com

Павлодар облысында «Заң ментәртіп» концепциясы аясында прокурорлар кең ауқымды профилактикалық айлық өткізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Рейдтер барысында көші-қон заңнамасы, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібі, қарудысақтау және айналымға шығару, алкоголь өнімдерін сату салаларында бірқатарбұзушылықтар анықталды.

Баянауыл ауданында «GLOBAL WINE EKIBASTUZ» кәсіпорнының құжатсыз алкоголь өнімдерін жеткізу фактісі тоқтатылды. Нәтижесінде кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы облыс бойынша 2 мыңнан астам бірлік алкоголь өнімдері тәркіленді.

Аққулы ауданында айлық барысында прокурорлар кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық фактісін анықтады.

Анықтағандай, анасы уақытша Алматы облысына кеткен кезде өгей әкесі мектепке дейінгі сынып оқушысын ұрған.

Аталған дерек бойынша бірден ҚК-тың «Қинау» 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұдан бөлек, іс-шаралар кезінде мемлекетаралық іздеуде жүрген 9 азамат анықталып, олардың жауапкершіліктен жалтаруын алдын алуға мүмкіндік берілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары