«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында сенсация жасады

/
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында сенсация жасады

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы сырт алаңдағы матчта Екатеринбургтің «Автомобилист» командасымен ойнады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ойын басталар алдында қазақстандық команда Шығыс конференциясында тоғызыншы орында тұрды. Ал ресейлік клуб төртінші орында еді.

Бірінші кезеңде шайба соғылған жоқ. Екінші кезеңде Семен Симонов пен Майкл Веккьоне қонақтарды алға шығарды. Соңғы 20 минутта қазақстандықтар толық басымдық танытып, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Симонов екі шайба соқты. Соңғы шайбаны Макс Уиллман салды.

18 желтоқсанда «Барыс» сырт алаңда Мәскеудің «Динамо» командасымен кездеседі.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары