Солтүстік Қазақстанда екі жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысты

/
Солтүстік Қазақстанда екі жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысты
видеодан скриншот

Жол апаты 14 желтоқсанда Астана – Петропавл автожолында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Чапаево және Астраханка ауылдарының арасында Volkswagen Passat көлігі екі «Газельге» соғылған.

Автокөлік жүргізушісі әуелі бір «Газельге» соғылған, соққыдан аударылып, екінші «Газельге» соғылған.

«Volkswagen Passat көлігінің 32 жастағы жүргізушісі орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Жол апаты фактісі бойынша материал жиналып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді полиция.

Жеңіл көлік жүргізушісі ауыр жарақат алған. Жүк көліктерінің жүргізушілері зардап шекпеген. Автокөліктердің салонында жолаушы болмаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары