Танымал әзілкеш, бұрынғы «Бауыржан шоу» әзіл-сықақ театрының басшысы Бауыржан Ибрагимов көпшілік алдына үшінші тоқалымен бірге шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі алғаш рет үшінші әйелі мен баласын жұртшылыққа таныстырған. Ол оларды Шымкент қаласында өткен тойлардың біріне ертіп барған. Сол сәтте түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде жылдам таралып, қызу талқыға түсті.
Желі қолданушылары әзілкештің бұл қадамын күтпегенін айтып, түрлі пікір қалдырған.
Оқырмандар арасында «Еркектер қатын алудан жарысқа шыққан ба?», «Мына шалдар құтырған, бәрі жас қатын алып», «Бұл қыз өзін қалай қиды екен?», «Тұрсынбекке қарағанда талғамы жақсы екен», «Тұрсынбектің тоқалынан әдемі», «Ақшасы соншалықты көп пе?», «Қалай тиген мынаған?» деген сарындағы жазбалар жиі кездеседі.