Танымал әнші Индира Елемес журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында қоғамда қызу талқыланып жатқан жеке өмірі туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Индира Елеместің айтуынша, ол болашақ жарымен мерекелік кештердің бірінде танысқан. Әншінің сөзінше, көпшілік айтып жүргендей, ол оның екінші әйелі емес. Таныстық кезінде жолдасы заңды некеде болмаған, яғни бойдақ болған.
«Қазір жұрттың бәрі мені біреудің отбасын бұзды немесе екінші әйел болды деп жазып жатыр. Бұл – қате пікір. Біз танысқанда ол кісі бос еді. Арамызда 19-20 жас айырмашылық бар. Ол кезде жолдасым өте сымбатты, көрікті жігіт болды», – деп ағынан жарылды әнші.