Валерий Меладзе Алматыдағы концертінде қазақ шапанын киіп шықты (ВИДЕО)

/
Валерий Меладзе Алматыдағы концертінде қазақ шапанын киіп шықты (ВИДЕО)
жеке парақшасынан

Ресейлік әнші Валерий Меладзе Алматыда өткізген кешінде қазақ шапанын киіп шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әнші 3 желтоқсанда Астанада, ал 5, 6, 8 желтоқсанда Алматыда өнер көрсетті. Тыңдармандары елордада 10 және 11 желтоқсанда өтетін тағы екі концертті асыға күтіп отыр. Оның конецерттеріне билеттер түгел сатылып кеткен.

«Қазақстанда шапан – қонақжайлылықтың, ізгі ниеттіліктің, сыйластық пен достықтың ұлттық символы. Оны бағалайтын, сенетін адамға оның лайықты мінезі мен еңбегін мойындау белгісі ретінде сыйлайды.

Кеше Алматыда Валерий сахнаға шапанда шығып, осылайша ризашылығын, құрметін, сенімін және бауырластық сезімін көрсетті. Оның бұл қадамы дәстүр мен халыққа деген шынайы құрметпен өрілген жауап болды, себебі ол оны жыл сайын сүйіспеншілікпен, жылулықпен және қонақжайлылықпен қабылдайтын халыққа арнады», - деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары