Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева сахнамен қоштасуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әнші “Abai TV” телеарнасындағы “Сарасөз” бағдарламасына берген сұхбатында көпшілікті елең еткізген жаңалығымен бөлісті.
Оның айтуынша, қазір ол шығармашылық жолының ең жарқын кезеңдерін қамтитын 50 жылдық есеп беру концертіне қызу дайындалып жатыр.
Роза Қуанышқызы бұл мерейтойлық кештің үлкен сахнадағы соңғы концерті болуы мүмкін екенін жасырмады.
“Бұл – менің өнер жолымның ең маңызды кезеңдерінің бірі. Осы концерттен соң ресми сахнамен қоштасуым мүмкін. Мұндай ниетім бар. Әрине, анда-санда үлкен концерттерге шығып тұрамын”, – деді ол.