Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші қызбен көзге түсті

/
Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші қызбен көзге түсті

Әнші өзінен бірнеше жас кіші қызбен түскен суретін жариялап, оған өлең шумағын арнаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол белгісіз арумен түскен суретін Іnstagram желісіндегі парақшасына жүктеген.

"Ара 15 жас болса қалай?
Кішкентай қыз,сендегі қиял бөтен,
Сен туралы сезіммен жиі әндетем.
Сенің сол бір кішкентай жүрегіңе
Мендегі таудай сезім сияр ма екен... деп қоясың ғо әлгі жерде", - деп жазды Жігер Ауыпбаев.

Желі қолданушылары оның бұл жазбасын сан-саққа жүгіртті.

"Еркелігін көтеріп, ерте есейтіп, қартайтып жібермесең, әрине, жақсы", 18 толған ба? 15 жас қызға ма немесе араларың 15 жас па? Жасы 15-те болса кішкентай қыз. Педофил болма", "Құдай, жандарым. Бакытты болыңдар!", "Неге осы әншілер жастары келгенде орамалды қыздарды таңдайды" деп жазды желі қолданушылары. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары