Алматыда есірткі шегіп алған жүргізуші ұсталды

/
Алматыда есірткі шегіп алған жүргізуші ұсталды
polisia.kz

Алматыда полиция қызметкерлері көлік тізгіндеген 36 жастағы ер адамды тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру кезінде жүргізушінің сақтандыру полисі жоқ екені анықталған. Мінез-құлқы күдікті болғандықтан тәртіп сақшылары оны медициналық куәландыруға жіберген.

Тексеру қорытындысы бойынша ер адамның есірткілік масаң күйде болғаны расталды.

Жүргізушіге қатысты материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды, жүргізушінің өзі көлікті басқарудан шеттетілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары