Доллар бағасы қымбаттап жатыр

/
Доллар бағасы қымбаттап жатыр
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа өлшемді бағамы 508,3 теңгені құрап, 3,69 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 8 желтоқсандағы ресми доллар бағамы – 504,49 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 510,94 теңге, сату бағамы – 513,59 теңге. Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар орташа есеппен 508,82 теңгеден сатып алынып, 586,27 теңгеден сатылуда. Шымкентте доллар орта есеппен 510,68 теңгеден сатып алынып, 512,95 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салайық, 1 желтоқсан күнгі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 0,88 теңгеге көтерілген, 2 желтоқсанда – 4,8 теңгеге төмендеген, 3 желтоқсанда – 4,07 теңгеге, 4 желтоқсанда – 3,98 теңгеге төмендеген, ал 5 желтоқсанда 3,89 теңгеге өскен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары