«Мөлдірдің жылап тұрған сәттеріне куә болдым»: Қымбат Әбілдина Қабатовтың экс-әйелі туралы айтты (ВИДЕО)

/
«Мөлдірдің жылап тұрған сәттеріне куә болдым»: Қымбат Әбілдина Қабатовтың экс-әйелі туралы айтты (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіден

Қарақат Әбілдинаның әпкесі Қымбат Әбілдина журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында Мөлдір Мұқанова туралы ойын қайта айтып, оның сөздерінде жалғандық жоқ екенін жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қымбат Әбілдинаның айтуынша, Мөлдір Мұқанова өз басынан өткен жайтты еш бұрмаламай жеткізген.

«Мөлдірім жылап, шырқырап тұрған сәттеріне өзім куә болдым. Оның анасы 13 жасында қайтыс болғанын білемін. Мөлдір ешқашан күйеуімен таласып, ‘мен де сахнаға шығамын’ деп талап қойған емес. Оның бойында туа біткен таланты көп, өте қабілетті қыз. Қазақтың ‘ерін сыйлаған әйел етекте отырмайды’ деген ұстанымымен бар назарын Тұрсынбекке салып, соның жолын жасап жүрді. Ол әдейі ештеңе істемейді. Жүрегі таза, ақкөңіл қыз ғой. ‘Тұрсынбекке қоқыс та тасытып көрмеп едім’ деген сөзі де шындық. Сондай адал адамның қиналып тұрғанын көріп отыра алмайды екенсің», — деді ол.

Қымбат Әбілдина Мөлдірге түсіністікпен қарау керектігін және оның айтқан әр сөзі шынайы екенін атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары