Аңыз актер Асанәлі Әшімовтің желіде тараған ерекше суреті жұрт назарын аударды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Атыраулық актриса Ажарлым Мағзұм қарт актердің аяғын уқалап отырған сәтін әлеуметтік желіге жариялаған.
«Махаббатым. Көп сөздің қажеті жоқ. Негізі Ағаның аяғына массаж жасап отырмын, өйткені ұзақ отырды күтіп», – деп жазды актриса суреттің астында.
Желі қолданушылары бұл кадрды қызу талқылап, түрлі пікір қалдырды.