60 жастан асқандарға жасау керек 5 жаттығу

/
60 жастан асқандарға жасау керек 5 жаттығу
сурет: istockphoto.com

Когнитивтік денсаулық мамандары 60 жастан асқан адамдарға жүрек пен мидың жұмысын сақтау үшін күн сайын орындауға болатын бес қарапайым жаттығуды ұсынды. Ұсынымдар Daily Mail басылымында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, үнемі қозғалыста болу – қан айналымын жақсартып, жүрек-қантамыр аурулары мен деменция қаупін төмендетудің ең тиімді жолдарының бірі.

Мамандар кеңес берген жаттығулар:

1. Орындықтан тұру жаттығуы

Омыртқа және буын аурулары бойынша маман Робин Чаттерджи ең алдымен осы жаттығуды ұсынады. Адам орындықтың жиегіне отырып, аяғын иық деңгейіне қояды. Алға еңкейіп, өкшемен итеріліп, баяу тұрады. Содан кейін дәл солай қайтадан баяу отырады. Бұл аяқ және жамбас бұлшықеттерін нығайтады.

2. Аяқтың ұшымен тұру 

Орындықтың артына тұрып, оның арқалығынан ұстап, аяқты иықпен бірдей позицияға қою қажет. Осы қалыптан баяу аяқтың ұшына көтеріліп, қайта түсу керек. Жаттығу балтыр бұлшықеттерін және қан айналымын жақсартады.

3. Қабырғаға тіреліп тұрып итерілу
Чаттерджидің айтуынша, қабырғаға тіреліп жасалатын жеңіл отжимания кез келген адамға қауіпсіз. Ол қол, иық және кеуде бұлшықеттерін күшейтеді.

4. Орындықтағы бокс
Кардиолог Оливер Гуттман бұл жаттығуды жүрекке ең пайдалы қозғалыстардың бірі деп атады. Ыңғайлы арқалығы бар орындыққа отырып, аяқты нық басып, 20–40 секунд бойы ауаға бокс соққыларын жасау жеткілікті. Ол қан айналымын арттырады, төзімділікті жақсартады.

5. Орындықта отырып денені бұру
Орындыққа отырып, қолды жамбасқа немесе желкеге қойып, денені оңға-солға баяу бұру керек. Бұл қозғалыс арқа жүктемесін азайтады, сірескен бұлшықеттерді жазады.

Мамандардың айтуынша, бұл жаттығуларды күн сайын жасау қартаю кезеңіндегі қозғалыс белсенділігін сақтау мен жалпы денсаулықты қолдауға айтарлықтай көмектеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары