Астана жастары есірткіге қарсы

Астана жастары есірткіге қарсы

Esil University жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Астана – есірткісіз қала!» акциясын өткізді. Жиынға спортшылар, медиа тұлғалар, сарапшылар мен студенттер атсалысты. 

Іс-шараның мақсаты – студенттердің дұ­рыс өмірлік ұстанымын қалыптастыру, есірт­кі қолдануға қарсы айқын көзқарас қа­лыптастыру, саналы, қауіпсіз және са­лауат­ты таңдау мәдениетін дамыту. 
Жиында жеті мәрте Гиннестің рекордтар кі­табына енген Сергей Цирульников, әлем чем­пионы Мерей Ақшалов, театр мен кино ак­тері Әділ Ахметов, танымал блогер Нұр­гел­ді Кердеш (Dragon) қатысушылармен ашық әңгіме жүргізіп, жастарға мотивация бер­ді. Қонақтар өз өмір жолдары туралы баян­дап, студенттердің сұрақтарына жауап бер­ді. Адам есірткісіз өмірді саналы түрде таң­дай алатыны және белсенді өмірлік ұстанымның маңыздылығы туралы да ай­тылды. Сергей Цирульников өзінің өнерін паш етіп, студенттермен бірге тағаны бүгуді көр­с­етті.
Арнайы жедел әрекет ету жасағы жауын­герлері қару-жарақ пен кәсіби дағдыларын көрсетті. Бұл қатысушылардың ерекше қы­зы­ғушылығын тудырды. Олар қылмыскерді ұстау тәсілдері мен тактикалық әрекеттерді көрсетті. Сонымен қатар кинологтар қыз­меттік иттермен көрсетілім жасап, тыйым салынған заттарды іздеу шеберліктерімен та­ныстырды. 
Астана қаласы Есірткіге қарсы күрес бас­қармасының қызметкері, полиция подполковнигі Дамир Байбазаров бөлімнің қызметі туралы айтып, студенттермен құ­қықбұзушылықтардың алдын алу бойынша интерактивті сессия өткізді.
– Бүгін саламатты қоғамның негізі сана­латын жастар алдында Арнайы жедел әрекет ету жасағының (СОБР) жауынгерлері ел ара­сында «закладчик» аталып кеткендердің ізін кесу, есірткі жасырылған орындарды із­деп табу бағытында жасалатын қырағы қа­дамдарын нақты көрсетті. Осындай жүйе­лі әрекеттердің арқасында қылмыс бүгін немесе ертең ашылатынын жастар аңдамай жатады. Сондықтан осы іске барудың салда­рын көз алдарында көрсеттік. Алдымен өзін, ата-анасын ойлайтын саналы жас есірткіге әуестенбеуі керек, – деп түсіндірді Дамир Байбазаров. 
Акция аясында студенттер тақырыптық бейнероликтер көріп, нарколог дәрігердің дәрісіне қатысты, шақырылған спикерлер­мен ашық пікірталас жүргізді. Нашақорлар­мен жұмыс және психоактивті заттарды қолданудың салдары туралы дәрігер-нарко­логтар Назым Омарова мен Русалина Молдахметова таныстырды. Мамандар сту­денттерге тәуелділіктің пайда болу себептері мен салдары туралы айтып, салауатты өмір сал­тын таңдап, есірткіден бас тартуға ша­қырды.
Акция жастар арасында есірткіге қарсы тұрақты қоғамдық иммунитет қалып­тас­тыруға бағытталған. Биыл жыл басынан бері Кеңес мүшелерінің қатысуымен профилак-тикалық іс-шаралар тұрақты өткізіліп келеді. Сонымен қатар ерікті жастардың қатысуы­мен қала аумағынан 2 500-ден астам нарког­раф­фити жойылған. Полиция өкіл-дері есірт­кі қылмысының алдын алу – бүкіл қо­ғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. 
Елорда жастары профилактикалық жұ­мысқа белсенді түрде қатысып, салауатты әрі қауіпсіз өмір салтын таңдауға дайын еке­нін көрсетіп отыр.
Акция жастардың дұрыс құндылықтарды қалыптастыруда, құқықтық сананы нығай­туда және жас ұрпақтың жауапкершілігін арттыруда шешуші рөл атқаратынын дәле­л­деді. Құқық қорғау органдары жастарды есірт­кі қаупінен қорғауға, құқықтық сананы ны­ға­йтуға және өз болашағы үшін жауап­кершілікті арттыруға бағытталған про­филак­тикалық жұмыстарды жүйелі жүрде жалғастыра береді.  

А.БИМЕНДІ

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары