Оралда абақтыға 17 телефон алып кірмек болғандар ұсталды

/
Оралда абақтыға 17 телефон алып кірмек болғандар ұсталды
Ұлттық ұлан

2025 жылдың 3 желтоқсанында сағат 17:10 шамасында тексеру тобы өндірістік цехқа ағаш жеткізетін “Нива” маркалы автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру кезінде "Детектив" атты ит көлік брусінде күдікті зат бар екенін білдіріп, белгі берген.

Жеке құрам радиотехникалық қондырғыны қолдана отырып, ағашты егжей-тегжейлі тексергенде оның ішінен тыйым салынған заттар табылған.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, 17 ұялы телефон, 32 қорап темекі, бейне және аудио жазу функциясы бар қалам, 8 SIM карта және ішінде спецификалық иіске ие өсімдік тектес (каннабис болуы мүмкін) заты бар 7 ZIP пакет салынған 2 қуаттағыш құрылғы (повербанк) тәркіленді.

Осы фактісі бойынша тексеру жүргізіліп, тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетіне қатысы бар адамдар анықталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары