Актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар анасына сыйлық жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Актердың анасында бұрын мүлде көлік болмаған. Бұл оның алғашқы темір тұлпары.
"Қанша жыл базарда күннің ыстық-суығына қарамай жұмыс істеп, бізді бағып-қаққан анашымның өміріндегі алғашқы көлігі", - деп жазды Еркебұлан Тоқтар.
Оның жанкүйерлері қуанышты жаңалықпен жарыса құттықтады.