Қазақстанда сот орындаушыларына алимент өндіру бойынша талаптар күшейтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Сенат кулуарларында Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта Мәжілісте сот орындаушылық өндірісті жетілдіру туралы заң жобасы қаралып жатыр. Сот орындаушыларына қойылатын талаптар күшейтіледі. Сонымен қатар, Әділет министрлігі реттелетін барлық саланы цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр», — деді Лаура Мерсалимова.