Франция ұлттық құрамасының және «Пари Сен-Жермен» клубының ойыншысы Дезире Дуэ Golden Boy сыйлығының нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы деп танылды, , деп хабарлайды turkystan.kz.
Былтыр бұл сыйлықты Испания ұлттық құрамасы мен «Барселона» клубының вингері Ламин Ямал иеленген-тін.
«Жас француз «Пари Сен-Жермен» клубымен бірге барлық турнирде жеңіске жетіп, керемет маусым өткізді және Чемпиондар Лигасы финалында екі гол, бір асисст жасап, ойынның үздік ойыншысы деп танылды», – делінген сыйлықтың ресми парақшасында.
Айта кетейік, Golden Boy – жыл сайын Еуропаның үздік жас футболшысына берілетін марапат. Барлық номинант 21 жасқа толмаған болуға тиіс және еуропалық чемпионаттың жоғары дивизионында ойнауы керек.