Путин мен Медведев өздерінің кірістерін жария етті

Путин мен Медведев өздерінің кірістерін жария етті

Путин мен Медведев өздерінің кірістерін жария етті
ашық дереккөзі
Владимир Путин, Дмитрий Медведев және Ресей Федерациясының үкімет мүшелері өздерінің кірістері туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кремль сайтына сілтеме жасап. Ресей Федерациясы Президентінің 2016 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейінгі аралықтағы мәліметтер бойынша, Владимир Путиннің 1500 шаршы метр жер телімі, 77 шаршы метр болатын пәтері және көлікжайы бар - 18 шаршы метр. Олардың барлығы Ресейде орналасқан. Сонымен қатар, ГАЗ М21 екі автомобилі, Нива және "Скиф" автокөлік тіркемесі бар. Владимира Путиннің бір жылдық табысы - 8 858 432 рубль. Дмитрий Медведевтің 367,8 шаршы метр пәтері бар, 49 жылға жалға алынған жер телімі (4700 шаршы метр) бар. Оның ГАЗ 20 және ГАЗ 21 жеңіл көліктері бар. 2016 жылы Дмитрий Медведев 8 586 974,69 рубль табыс тапқан.