ҚХЛ: «Барыс» осал қарсыласынан ойсырай ұтылды

/
ҚХЛ: «Барыс» осал қарсыласынан ойсырай ұтылды

Астаналық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында сырт алаңда Новосібірдің «Сибирь» командасымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ойын алдында қазақстандық клуб Шығыс конференциясында соңғыдан бір орын жоғары, ал ресейлік команда турнир кестесінің ең соңында тұрған болатын.

Бірінші кезеңде Никита Бояркиннің қақпасына жауапсыз үш шайба соғылды. Екінші кезеңнің соңына қарай Макс Уиллман есеп айырмасын қысқартты, бірақ бұл жеткіліксіз болды. Соңғы жиырма минутта Новосібірлік команда тағы бір шайба соғып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, «Барыс» қатарынан төртінші рет жеңіліп отыр.

5 желтоқсанда «Барыс» өз алаңында Мәскеудің «Спартак» клубын қабылдайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары