Айқын Төлепберген тағы да әке атанды

/
Айқын Төлепберген тағы да әке атанды
Фото ашық дереккөзден

Сүйінші жаңалықты әншінің өзі әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

"2025 жылдың 1 желтоқсанында Нұртан Ару Айқынқызы дүниеге келді. Жұлдызыма айрықша алғыс. Мен сені жақсы көремін!", - деп жазды Айқын Төлепберген.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желіге жұбайына арнаған әні мен бірге түскен суретін жариялаған.

"Бауы берік болсын, Айқынтай, Жұлдыз! Саналы, білімді, өнерлі болып өссін", - деп жазды алғашқылардың бірі болып құттықтаған Сәкен Майғазиев. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары