Жамбылда фельдшерге оқ атқан адамға үкім шықты

/
Жамбылда фельдшерге оқ атқан адамға үкім шықты
istockphoto.com

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Сарыкемер ауылында жедел жәрдем фельдшеріне оқ атқан адамға қатысты тергеу ісі бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әкімнің айтуынша, оқиға 2025 жылғы 10 шілдеде Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясының қосалқы бекетінде болған. Белгісіз адам жұмыс орнында отырған фельдшерге оқ атқан. Оқиға республикалық БАҚ-та кең талқыланды.

"Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды. 2 қыркүйекте сот отырысы өтіп, оның қорытындысы бойынша айыпталушыға үш жыл алты ай шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деді Қарашөкеев.

Өңір басшысы зардап шеккен медицина қызметкері ем алып, жұмысқа қайта оралғанын атап өтті.

"Медицина қызметкері болған жағдайдан кейін ем қабылдады. Қазір оның жағдайы жақсы, станцияда жұмысын жалғастыруда", – деді әкім.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары