Жетісайдағы 12 адамның қазасы: Өрттен зардап шеккен 7 жастағы қыз көз жұмды

/
Жетісайдағы 12 адамның қазасы: Өрттен зардап шеккен 7 жастағы қыз көз жұмды
Ғаламтор

Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы баланың жүрегі тоқтап қалғанын хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

— 30 қарашада Жетісай ауданындағы өрттен кейін өте ауыр жағдайда жеткізілген, 2018 жылғы туған қыз қайтыс болды. Көрсетілген интенсивті терапияға, профильді мамандардың кеңестеріне және реанимациялық іс-шаралардың толық кешеніне қарамастан, жүрек жұмысын қалпына келтіру мүмкін болмады, — делінген хабарламада.

Бала туған ауылында жерленді.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі қыздың жағдайы ауыр екенін, ал өрттен аман қалған екі ересек адамның жағдайы тұрақты екенін мәлімдеген болатын.

Еске салайық, 18 қарашада Түркістан облысындағы жеке тұрғын үйде болған өрт салдарынан 12 адам көз жұмды. Бұл қыз — Жетісай ауданының Алғабас ауылындағы қайғылы оқиғадан кейін көз жұмған оныншы бала.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары