Шымкентте полицейлер дрон арқылы есірткі жасырған жігітті ұстады

/
Шымкентте полицейлер дрон арқылы есірткі жасырған жігітті ұстады
polisia.kz

Шымкентте полицейлер дронмен есірткіні жасырын қойып кетушіні ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шымкентте учаскелік инспекторлар рейдтік іс-шара барысында пилотсыз ұшатын аппараттың көмегімен есірткі салынған түйіншектерді жасырын орындарға қойып жүрген ер адамды анықтады.

Дронмен бақылау барысында патрульдік камера күдіктінің кезекті ораманы жасырып жатқан сәтін тіркеген. Тәртіп сақшылары оны жедел құрықтады.

Полицейлердің айтуынша, заманауи технологиялардың құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және олардың жолын кесуге көмегі зор. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы жұмыс қарқынды жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары