Каратэші Софья Берульцева Әлем чемпионатында күміс медаль иеленді

/
Каратэші Софья Берульцева Әлем чемпионатында күміс медаль иеленді
olympic.kz

Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

68 келіден жоғары салмақтың финалында Берульцева Германия спортшысы Йоханна Кнермен кездесті. Шешуші кезеңнің қорытындысы бойынша германиялық каратэші жеңіп, Софья жарысты күміс медальмен аяқтады.

Айта кетейік, сондай-ақ Дидар Әмірәлі (67 келіге дейін) мен Әсел Қанай (61 келіге дейін) да жүлдеге ие болды. Олар жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары