«AMANAT» партиясы ұйымдастырған Ауыл әкімдерінің диалог-платформасында Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округінің әкімі Әділет Мусағалиев тікелей сайлау реформасы ауылдың тынысын ашып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отырғанын айтты.
«Қоскөл ауылының негізгі күнкөрісі – мал шаруашылығы. Мемлекеттік қолдау артқан сайын мал басы тұрақты өсуде. «Ауыл аманаты» жобасының арқасында ауыл тұрғындарының табысы артты. Жоба аясында 196 млн теңгеге 34 жоба жүзеге асып, 241 бас асыл тұқымды ірі қара әкелінді. 21 жұмыссыз ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылды. Бір қарағанда бұл шағын ғана жетістік сияқты көрінуі мүмкін, бірақ біздің ауыл үшін бұл – үлкен нәтиже», – деді ол.
Әкімнің айтуынша, кооперативтер лизинг арқылы техника алып, жем-шөп дайындауды толық өз күшімен атқара бастаған. Тұрғындар сүт өнімдерін аудан орталығына және қалаға жеткізіп, табысын еселеп отыр.
Соынмен қатар әкім ауыл өнімін өткізудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру қажет екенін айтып, Қоскөл тәжірибесін мысалға келтірді.