Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа өлшемді бағамы 512,53 теңгені құрап, 4,25 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 28 қарашаға арналған ресми доллар бағамы – 516,86 теңге.
Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 511,49 теңге, сату бағамы – 514,42 теңге. Астанада доллар орташа есеппен 510,38 теңгеден сатып алынып, 517,38 теңгеден сатылуда. Шымкентте долларды айырбастау пункттері орташа 512,02 теңгеден сатып алып, 514,62 теңгеден сатуда.
Еске салайық, 24 қарашадағы күндізгі саудада доллардың орташа өлшемді бағамы 1,05 теңгеге көтерілген, 25 қарашада 1,52 теңгеге төмендеген, 26 қарашада 0,25 теңгеге көтерілген, ал 27 қарашада 1,75 теңгеге төмендеген болатын.