2025 жылдың 1-6 желтоқсан аралығында Алматы қаласы, «Almaty Arena» спорт кешенінде ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ел чемпионатына еліміздің барлық өңірлерінен 1000-ға жуық балуан грек-рим, әйелдер күресі, еркін күрестен жүлдегерлерді анықтайды.
Олардың арасында әлем чемпионатының 4 мәрте жүлдегері Жәмила Бақбергенова, U23 санатында әлем чемпионы Шұғыла Өмірбек, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Нилуфар Раимова, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова, U23 санатында әлем чемпионы Сұлтан Әсетұлы, жастар арасында әлем чемпионы Исхар Курбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Асылжан Есенгелді және т.б танымал балуандар бар.
Жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы жасақталып, спортшылар 2026 жылы Азия чемпионаты және өзге де шетелдік бәсекелерге қатысуға мүмкіндік алады.