Шуда аса ірі көлемде гашиш сақтаған ер адам ұсталды

/
Шуда аса ірі көлемде гашиш сақтаған ер адам ұсталды
polisia.kz

Жамбыл облысы полициясы есірткі заттарын аса ірі көлемде сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері Шу қаласының 60 жастағы тұрғынының үйін, ауласын және шаруашылық құрылыстарын тексерді. Тінту барысында аулада орналасқан бастырманың астынан, жиһаздың артында жасырылған қара түсті полиэтилен пакет табылды.

Пакетті полиция қызметкерлері Хэппи қызметтік иттің көмегімен анықтады. Пакет ішінен өзіне тән иісі бар жасыл түсті ұнтақ тәрізді зат анықталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 915 грамм гашиш болып шықты.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарын заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары