Қостанайда пайдалану үшін берілген жер учаскелері қайтарылды

/
Қостанайда пайдалану үшін берілген жер учаскелері қайтарылды
istockphoto.com

Қостанай облысының Прокуратурасы Жер учаскелерін қайтару бойынша шаралар қабылдамау фактілерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұрын кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру үшін берілген 16 учаске бойынша лицензиялардың қолданылу мерзімі аяқталғаны не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мерзімінен бұрын тоқтатылғаны анықталды. 

Сонымен бірге, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 21 және 107-баптарының талаптары бұзылған, олардың одан әрі иеленуі үшін құқықтық негіздері болмағанына қарамастан, жер шаруашылық жүргізуші субъектілерге есептелуін жалғастырды.

Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша құны 625 млн теңгеден асатын 16 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары