Заңгер Айнұр Болат Instagram парақшасында Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқановаға қолдау білдіріп, өз ұстанымын жариялады, деп жазады turkystan.kz.
Оның айтуынша, желіде тараған Мөлдірге қатысты түрлі жағымсыз пікірлердің ешбірі шындыққа жанаспайды.
"Астанаға көшкен кезден бастап Мөлдірді жақсы танимын. Қазір ол туралы небір әңгіме тарап жатыр. «Тұрсынбектің арқасында көтерілген» деген сөздермен мүлде келіспеймін. Мен Мөлдірмен танысқанда оның өзіне тиесілі мейрамхана бизнесі болды. Үлкен орталығы, ұйымдастыру тобы, бірнеше қызметкері, тіпті жеке бухгалтері де бар еді. Бұл кино шықпай тұрып-ақ талай ірі жобаларды жүзеге асырған. Мөлдірдің бір ерекшелігі — ешнәрсені көпшілікке жариялап, дабыра қылмайды. Сондықтан қазір елге жаңа көрініп жүргендей көрінеді. Ал шын мәнінде, Мөлдір бұрыннан осындай еңбекқор және табысты жан", — деді ол.
Сонымен қатар, оқырмандардың пікірі екіге бөлінді: бірі заңгердің сөзін қолдаса, енді бірі Мөлдірдің жетістігін Тұрсынбектің табысымен байланыстырып жатыр.