Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында қуатты жарылыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс Идлибтің солтүстігіндегі Кефертахарим ауданында болған. Оқиғадан кейін аймақты қою түтін басты.
Сириялық İhbariye мемлекеттік телеарнасының дерегінше, жарылыс салдарынан бес адам қаза тапқан.
Оқиға орнына дереу азаматтық қорғаныс жасақтары жіберілді. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Кейінірек белгілі болғандай, жарылыс Идлиб провинциясындағы қоймалардың бірінде болған.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Провинцияның ішкі қауіпсіздік күштерінің мәліметінше, қазіргі кезде оқиға орнында арнайы ведомство қызметкерлері жұмыс істеп, апат салдарын жоюмен айналысуда.