Футболшы Ғалымжан Кенжебек сүйіктісіне сөз салды

/
Футболшы Ғалымжан Кенжебек сүйіктісіне сөз салды

Бұл жайында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебектің өзі айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақашсында әсерлі сурет жариялады. Фотоның өзінің сүйіктісі түсіргенге ұқсайды. Себебі картинадан Ғ. Кенжебектің кетіп бара жатқанын, ал оның ту сыртында суретке түсіріп тұрған арудың жүзік таққан саусақтарын камераға тосып тұрғанын аңғаруға болады. 

Осы суретті желіге жүктеген футболшы «Ол «Иә» деді», – деген мәтін жазған.

Әзірге талантты футболшының сүйгені жары кім екені білгісіз. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары