Қазақстандағы таэквондо (WTF) федерациясының негізін қалаған даңқты спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, 6 дүркін әлем чемпионы Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік әкесінің туған күнінде жазба арнады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Ол кезде өзі де білмеген еді, Өз жолының қанша жандардың жүрегіне жететінін. Оның күші талай буынды рухтандыратынын. Оның есімі ондаған жылдар өтсе де махаббат, мақтаныш және шексіз құрметпен аталатынын.Туған күнің құтты болсын, әке!», - деп жазды ол.