Блогер Жан Ахмадиев Нұр-Мұқасан тобының жаңа мүшесі Ғалымжан есімді жас әншіні ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұқасан Шахзадаев ұрып-соққанын айтты. Ахмадиев оқиғаға қатысты видеоны да жариялады.
Жас өнерпаздың айтуынша, жанжал кезінде Мұқасан Шахзадаев бірнеше адаммен бірге оған қол көтеріп, соққының салдарынан түрлі дене жарақаттары пайда болған. Оның ішінде мұрны мен қолының сынғаны атап өтілген.
Жан Ахмадиевтің сөзінше, Ғалымжан қазір істің әділ тергелмей, Шахзадаевтың жауапкершіліктен босап қалуы мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдіріп отыр.