Әнші Абай Бегейдің әйелі жүкті екенін айтты

/
Әнші Абай Бегейдің әйелі жүкті екенін айтты
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова желідегі оқырмандарына тосын сый жасап, отбасы үшін ерекше жаңалықты хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Фариза Instagram парақшасында жариялаған видеосында болашақ сәбидің УДД нәтижесін көрсетті. Бейне астында ол: «+1 Абайұлы немесе Абайқызы» деп жазып, көптің қызығушылығын арттырды.

Видеода Абай Бегейдің жарына гүл мен жаңа телефон сыйлаған сәті де бейнеленген. Әншінің жұбайына көрсеткен ықыласы желі қолданушыларын тәнті етті.

Желі оқырмандары жас жұпты жарыса құттықтап, ақжарма тілектерін арнап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары