Вейп пен темекі өкпеңізбен қатар компьютеріңізді де істен шығарады

/
Вейп пен темекі өкпеңізбен қатар компьютеріңізді де істен шығарады
сурет: istockphoto.com

Темекі мен вейп шегу тек денсаулыққа ғана емес, техникаға да аса қатты зиян тигізеді. Компьютер желдеткіш арқылы ауа сорғанда, түтіндегі шайырлы бөлшектер, ал вейп буындағы тәтті, жабысқақ конденсат тікелей ішкі бөлшектерге түседі. Нәтижесінде аналық плата, бейне карта, желдеткіштер мен кабельдердің бетінде жабысқақ қабат пайда болады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Уақыт өте келе бұл қабат: шаңды екі есе көп ұстайды, желдетуді нашарлатады, жылудың көтерілуіне әкеледі, компоненттердің тез тозуына және тіпті қымбат жөндеуге себеп болады.

Маман­дардың айтуынша, үйде жиі темекі шегетін адамдар тек денсаулықтарына емес, өз техникаларына да үлкен шығын келтіреді: түтін қабырға, жиһаз, электроника сияқты заттардың бәріне сіңіп қалады. Егер құрылғыңыз ұзақ жұмыс істесін десеңіз, түтіннен мүмкіндігінше аулақ ұстаған дұрыс.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары